-19 C
Нур-Султан
2 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент
-19 C
Нур-Султан
2 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент

Ресейде Навальныйдың адвокаттары сотталды

Ресей соты Алексей Навальныйдың мүддесін қорғаған үш адвокатқа үш жарым жылдан бес жарым жылға дейінгі мерзімге колонияға қамау үкімін шығарды.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Вадим Кобзев, Алексей Липцер және Игорь Сергунин «экстремистік қауымдастыққа қатысу» айыбымен сотталды. Бұл қауымдастық Ресейде тыйым салынған «Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры» деп танылған.

Айыптауға сәйкес, адвокаттар Навальныйдың колониядан жазған хаттарын оның серіктеріне жеткізіп отырған. Бұл туралы Вадим Кобзев өз соңғы сөзінде былай деп мәлімдеді:
«Бізді Навальныйдың ойларын басқа адамдарға жеткізгеніміз үшін соттап жатыр. Навальный 2011 жылы 2021 жылы оның 10 жылдық қызметі қылмыс деп танылып, ал 2024 жылы оның адвокаттарын оның ойларын жеткізгені үшін соттайтынын елестете алды ма?».

Сот үшеуін де кінәлі деп таныды. Вадим Кобзев бес жылға, Алексей Липцер – бес жарым жылға, ал Игорь Сергунин үш жарым жылға бас бостандығынан айырылды. Тек Сергунин ғана өз кінәсін мойындады.

Алексей Навальныйдың адвокаттарын Ресей билігі 2023 жылдың қазан айында қамауға алған болатын.

Навальныйдың өзі 2024 жылдың 16 ақпанында «Полярлық қасқыр» колониясында қамауда жатып қайтыс болды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар