-12 C
Нур-Султан
-14.1 C
Алматы
-12.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-14.1 C
Алматы
-12.7 C
Шымкент

Қазақстанда астық нарығы: фермерлерге қолдау және әлемдік бағаның төмендеуінің әсері

Мәжіліс депутаттары премьер-министр Олжас Бектеновтан 85 млрд теңге көлемінде астық сатып алуға қаражат бөлуді сұрап отыр.

Ауыл партиясының депутаттары отандық фермерлерден нарықтық бағамен 155 мың тонна астық сатып алуға 10 млрд теңге және 1 млн тонна бидай сатып алуға 75 млрд теңге көлемінде қаражат бөлуді созбай, қысқа мерзімде шешуді сұрайды», – деді мәжілістің сәрсенбі күнгі отырысында премьер-министр Бектеновке сауал жолдаған «Ауыл» фракциясының депутаты Аян Зейнуллин.

«Ауыл» бұл мәселенің жедел шешімін табады деп үміттенетінін жеткізді.

«Өздеріңіз білесіздер, жақында өткен Үкімет отырысында Мемлекет басшысының 15 қарашада өткен алғашқы Ауыл шаруашылығы қызметкерлері форумында берген тапсырмаларын жүзеге асыру шаралары жан-жақты қарастырылды. Сол отырыста Үкімет резервінен нарықтық бағамен 155 мың тонна астық сатып алуға 10 млрд теңге бөлінетіні мәлімделді. Ал шамамен 1 млн тонна бидай сатып алу үшін қосымша 75 млрд теңге қажет. Сонымен қатар, 2024 жылғы 18 қарашадан бастап “Ұлттық компания “Азық-түлік келісімшарт корпорациясы” акционерлік қоғамы өңірлік өкілдіктері арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерден өтінімдер қабылдай бастады. Алдымен астықты шағын шаруа қожалықтарынан сатып алу жоспарлануда. “Ауыл” партиясы бұл шешімді әділ деп есептейді. Себебі бір агроқұрылымнан сатып алынатын астық көлемі шектеліп, мемлекеттік қолдауды көп фермерлік шаруашылықтар қамтуы үшін жағдай жасалады», – деді мәжілісмен.

Сонымен қатар, оның айтуынша, соңғы айларда әлемдік нарықта астық бағасы айтарлықтай төмендеген. Бұл Қазақстанда және әлемнің басқа елдерінде астықтың мол өнімі жиналып, нарықтың артық астықпен толуына және бағаға айтарлықтай қысым түсуіне байланысты болып отыр.

«Кейбір аймақтардағы экономикалық тұрақсыздық, экспортқа сұраныстың төмендеуі және сауда саясатындағы өзгерістер де бағаға әсер етуде. Мұның барлығы жоғары бәсекелестік пен астық қорының артығынан бидайдың салыстырмалы түрде төмен бағамен сатылуына алып келеді», – деп түсіндірді Зейнуллин.

Фото: primeminister.kz

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар