Түркияда 6 минутта қатарынан үш жер сілкінісі болды

Бүгін алғашқы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 14:47-де тіркелді. Оның ошағы Инджесу округінде болған.  Магнитудасы 4,7, 4,4 және 4,3 бірлікті құрады.

Ал елдің бір аймағында көшкін тіркелді.

Жақын провинцияларда да сезілген жер сілкіністері 12 шақырым тереңдікте орын алды.

Әзірге құрбандар мен қирандылар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Жүздеген жер сілкінісімен жалғасқан зілзала елдің 10 провинциясы мен көршілес мемлекеттерде сезілді, оның ішінде Сирия ең көп зардап шеккен.