Астанадағы Ресей елшілігінің алдында полиция адам құқықтары жөніндегі бюро қызметкері мен «Маса Медиа» SMM редакторын ұстаған.

Астанадағы алам құқықтары жөніндегі бюро қызметкері Артур Алхасов Ресей елшілігінің алдында рұқсат етілген бір адамдық пикет жасамақ болған. Ол Ресейдің Украинаға жасап жатқан басқыншылық соғысына қарсы ұранмен шықпақ болған. Алайда оны полиция ұстап, Байқоңыр ауданы полиция бөлімшесіне апарған.

Бюрода Алхасовтың қайда екенінен бейхабар болған. Сөйтіп «Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының екі қызметкері оны іздеп шыққан. Оларды да полиция ұстап кеткен.

«Еркіндік Қанаты» қоғамдық қорының құрылтайшыларының бірі Роман Реймердің айтуынша, қор қызметкерлерінің ұсталуы тіптен заңсыз. Олар бар болғаны әріптестерін іздеуге шыққан.