Бүгін Мәжіліс сайлауына тәуелсіз үміткер ретінде қатыспақ болған алаштанушы ғалым, тәуелсіз журналист Сұлтанхан Жүсіп кандидаттар тізімінен ресми түрде шығарылды. Оппозициялық көзқарастағы саясаткер сайлау комиссиясының өзіне қатысты шығарылған шешімін әділетсіз деп айыптап отыр. Ол өзінің фейсбук платформасындағы жеке парақшасында өткір мәлімдеме жасады. 

«Бір мандатты №1 сайлау аймағы қияли желеумен Мәжіліс депутаттығына тәуелсіз үміткерлер тізімінен алып, сайлау додасынан шығарды. №1 сайлау комиссиясы Төрағасы Мерей Шәменов комиссия хаттамасының көшірмесін беруден бас тартты. Орталық сайлау комиссиясы мен №1 аймақтық сайлау комиссиясынан және салық комитетінен түсіндіргендей, «жеке тұлғаның міндеттемелері мен активтері туралы Декларациямда» мен тек

1)»шетелде қозғалмайтын мүлік, 2) шетел банктерінде есепшот 3) шетелде автокөлік» және 4) «шетелдік заңды тұлғаның жарғылық капиталында үлес бар ма?» деген сауалдарға ғана жауап бердім. 

Жалғыз жауабым ЖОҚ!

Астана қ. мемлекеттік табыс департаментінің мені мен әйелім екеуміз үлескер ретінде үй құрылысына қатысқанымызды «жасырды» деуі барып тұрған жала, өтірік, тапсырыс. 

Біз өз пәтерімізд ешқандай үй құрылысына үлескер болмай-ақ қаражатын бірден төлеп сатып алғанбыз. Оны құжаттармен бұлтартпай дәлелдеймін. Бұл Астана қ. мемлекеттік департаментінің тапсырыс бойынша маған таққан жаласы, өтірігі».