-0 C
Нур-Султан
11 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
-0 C
Нур-Султан
11 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

Парламент Назарбаевты ерекше мәртебесінен айыруды қолдады

13 қаңтарда парламенттің бірлескен отырысында депутаттар «Бірінші президент – Елбасы» туралы конституциялық заңның күші жойылғанын мойындау» туралы заң жобасын бірауыздан қолдап дауыс берді.

Осылайша депутаттар экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасын түрлі артықшылықтар мен жеңілдіктерден айыруды қолдады.

«Қазақстанның демократия мен плюрализмге бет алып, терең саяси трансформация жасау кезеңінде, жеке топтардың билікті меншіктеуге жетелейтін қандай да бір тетіктерге жол бермеу маңызды» деді заң жобасын әзірлеушілердің бірі мәжіліс депутаты Ерлан Саиров.

Дегенмен сарапшылар аталған заңның күші жойылса да, бұл Нұрсұлтан Назарбаевқа берілетін жеке артықшылықтар мен оның қолсұқпаушылық статусына аса әсер етпейді деп санайды.

Парламент отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген әділет министрі Азамат Есқараев «экс-президентке берілген барлық кепілдіктер сақталады. Бұл оның отбасы мүшелері емес, тек өзіне ғана қатысты. Күші жойылайын деп отырған заң бұған дейін оның мүліктері мен есепшоттарына, отбасы мүшелеріне кепілдікті қарастырған» деп жауап берді.

«Егер қылмысы дәлелденсе, оның отбасы мүшелеріне қылмыстық іс қозғауға бола ма? Бұрын оған заң тыйым салған еді» деген сұраққа министр «президент туралы заңда экс-президенттің отбасы мүшелеріне мұндай кепілдіктер қарастырылмаған» деді.

Осы аптада Қазақстанның Конституциялық соты бір топ депутаттың өтінішін қарап, «Тұңғыш президент — Елбасы» заңының күшін жойған.

  • 2000 жылы қабылданған «Тұңғыш президент – Елбасы заңы» елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасына көп басымдық береді. Заңға сай, Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды, қамалмайды, мүліктері тәркіленбейді, шектеу қойылмайды.
  • «Тұңғыш президент» заңында Назарбаев және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің «банктік шоттарының құпиялығына және банк шоттарына тиіспеуге кепілдік берілетіні» жазылған. Қоғамда «Елбасы заңын» жеке басқа табыну деп сынға алғандар көп болған.
  • Сарапшылар Қаңтар оқиғасынан соң Назарбаевтың билікке ықпалы әлсіреді, ал қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билігі күшейді дейді. Тоқаев өз сөздерінде Назарбаев пен оның айналасын сынға алып, Назарбаевтың жақындарын қызметтен алған. Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева мәжілістегі депутаттық мандатын тапсырып берді. Экс-президентің немере інісі Қайрат Сатыбалды мен Назарбаевтар әулетінің құдасы Қайрат Боранбаев «ақша жымқыру» айыбымен қамауға алынды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар