Кабулдағы Ресей елшілігінің алдында жанкешті -террорист жарылып кетті. Ол елшілік отырған ғимаратқа барынша жақындап барып, сол жерде өзін жармақшы болған. Алайда, полиция мен күзет дер кезінде байқап, террористтің көзін жойыпты. Әзірге кісі өлімі туралы ақпарат жарияланған жоқ.