-12 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
7.3 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
7.3 C
Шымкент

ҚАРАПАЙЫМ МИНИСТРДІҢ АТАҚТЫ КЕҢЕСШІСІ

Осы аптада министрлерге кезекті штаттан тыс кеңесшісі қосылды.  Шыны керек, мемлекеттік аппаратта соңғы он жылда трендке айналған бұл қызметкерлердің саны қанша,  есепшоттарына қанша жалақы түседі, олардың кеңестеріне кім құлақ түріп жатыр, жауапкершілігі бар ма, біз білмейміз.  Олардың да қаншалықты білетіні белгісіз.
Бірақ алыстан қарағанда  кеңесші қызметіне билікте козері таусылған шенеунікті бірден жұмыссыз қалдырмау үшін депрессияға түсірмейтін уақытша кадрлық орын ретінде, ал кейде керісінше,  перспективасы бар жас кадрдың  ел жұрт бірден көтеріліп кетті демеуі үшін бірнеше жыл тәжірибе жинауға мүмкіндік беретін алаңы ретінде көрінеді.
бірақ бұл жолы көп адам » қалайша бірден спорт және туризм министрі боп кетті» деп сынаған Ербол Мырзабосыновтың штаттан тыс кеңесші етіп  кеше ғана облыстық спорт басқармасы басшысы қызметінен өз еркімен кеткен, Серік Сәпиевті  өз еркімен бе белгісіз, тағайындауы батылық боп көрінді. және бұл батылдығы қауіпті боп көрінді. олимпиаданың әйгілі чемпионы, спорт жұлдызы,  мәжіліс депутаты болған Серік Сәпиевтің танымал емес жас министрдің кеңесшісі болуы- Мырзабосыновтың тез министр боп кеткенін бұрынғыдан да айқын көрсетіп тұрғандай.
министрге енді кеңесшінің көлеңкесінде қалмауы үшін жиі медиа кеңестікке шығып, комплимент айтатын тілшілерге ғана емес, ашық, кәсіби тұрғыда сұхбат алатын журналистерге де сұхбат беріп, имиджін күшейтуге кеңес береміз.
айтпақшы экс-самбошы, Сәпиевті төбелесте жеңген, бірақ кінәсіз боп танылған Дәурен Есімханов кімге кеңесші болуы мүмкін екенін пікірпен білдірсеңіздер болады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар