Ресейдің «Халық жадысы» («Память народа») сайтында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевқа қатысты марапаттау парағы ашық жарияға шықты. Құжатта оның марапаттары мен Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі мұрағаттық мәліметтер қамтылған.
Құжаттардың біріне сәйкес, Кемел Тоқаев 1945 жылдың қаңтар айында Польшаның аумағында көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.
«Тоқаев бірінші болып қарсылас шебіне басып кіріп, автоматының оғымен 5 немісті өлтіріп, жаралы бір немісті тұтқынға алды. Тұтқынды өз бөлімшесіне жеткізіп келе жатқанда, Тоқаевтың аяғына оқ тиіп, жараланады. Тоқаев тұтқынды атып тастап, жарасын таңып, ауырғанына қарамастан өз танкілеріне жеткен», – делінген құжатта.