17 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
17 C
Нур-Султан
19 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Путин Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу кезінде уақытша бітім жариялады

Ресей Федерациясының Президенті Жеңістің 80 жылдығын атап өту кезінде уақытша бітім орнату туралы бұйрық берді. Кремль сайтында хабарланғандай, ұрыс қимылдары 7 мамыр түн ортасынан 11 мамыр түн ортасына дейін тоқтатылады.

Бұл шешім «гуманитарлық себептерге байланысты» қабылданған. Ресей тарапы Украина бұл бастаманы қолдайды деп үміттенеді. Сонымен бірге, бітім бұзылған жағдайда Ресей Қарулы күштері «тиісті әрі тиімді жауап» беретінін мәлімдеді.

Кремльде сондай-ақ Ресейдің алдын ала шарттарсыз бейбіт келіссөздерге дайын екені және дағдарысты шешу жолдарын іздеуде халықаралық серіктестермен ынтымақтасуға ашық екені айтылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар