22 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
18.3 C
Шымкент
22 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
18.3 C
Шымкент

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына себепкер адам жеңіл жазамен құтылды

Екібастұзда азаматтардың жаппай улануына байланысты дауға нүкте қойылды.

Атап айтқанда, 2024 жылдың 14-16 сәуір аралығында Астана, Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларындағы медициналық мекемелерге әртүрлі тамақ улану белгілерімен 56 азамат жүгінді, оларалдын ала Екібастұз қаласындағы мейрамханада өткен салтанатты шараға қатысқан.

Зардап шеккен адамдардың санына байланысты, тергеу басталған сәттен бастап, қылмыстық іс Екібастұз прокуратурасының бақылауында болды, процессуалдық прокурорлар тағайындалды, сараптамалар ұйымдастырылды, тергеу тобының шығуы ұйымдастырылды.

Екібастұз қалалық сотының үкімімен кінәлі тұлға қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынып, еркіндігін шектеу жазасына кесілді.

Зардап шеккендер сот шешімімен қанағаттанды, тек мейрамхана иесі сот үкімін қайта қарау үшін шағымданды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар