Жол-көлік оқиғасы 18 сәуірде орын алды. Микроавтобустың ішінде 14-тен 16 жасқа дейінгі 16 бала және жаттықтырушы болған. Жаттықтырушыны автобус ішінде темір бөлшектер қысып қалып, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
«Mercedes маркалы микроавтобус қатысқан жол-көлік оқиғасы „Астана — Ерейментау — Шідерті“ автожолында орын алды. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші жүк көлігін басып озу кезінде рөлге ие бола алмай, автобус аударылып кеткен», — деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жасөспірімдер Павлодардан Астанаға спорттық жарысқа бара жатқан. Балалар медициналық мекемеге жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауында. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық полиция департаменті атап өткендей, жеке спорт мектебінің басшылығы бұл сапар туралы полицияны алдын ала ескертпеген. Осы себепті патрульдік көліктермен жолда ілесіп жүру қамтамасыз етілмеген.
Сурет: Ақмола облыстық ПД.