Ресей президенті Владимир Путин Қатар әмірі Тамим бен Хамад әл-Танимен Украина мен Таяу Шығысқа қатысты мәселелерді талқылайды. Бұл туралы Кремль өкілі Дмитрий Песков хабарлады.
«Әрине, Путин мен Қатар әмірінің арасында украин мәселелері бойынша пікір алмасу міндетті түрде болады», — деді Песков журналистерге.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, әмір сәрсенбі күні Мәскеуге келіп, бейсенбі күні Путинмен кездеседі деп күтілуде.
Reuters мәліметінше, Қатар Ресей мен Украина арасында делдал болуға бірнеше рет әрекет жасап, соғыс кезінде ата-аналарынан ажырап қалған екі елдің балаларын қайтаруға көмектескен.