ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті ресми www.kgd.gov.kz сайтында 2024 жылдың екінші жартыжылдығында шетелден қаржыландыру алған тұлғалардың кезекті тізілімі жарияланды.
Жалпы, 2023 – 2024 жылдары мәліметтерді ұсынған адамдар саны 295 құрады, оның ішінде тұрақты түрде – 118 тұлға, мерзімді – 96, бір реттік – 81 тұлға.
2023 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 28,7 млрд теңге сомасына 267 тұлға ұсынды (2023 жылғы 1 жартыжылдықта — 14,3 млрд теңгеге 239 адам, 2023 жылғы 2 жартыжылдықта — 14,4 млрд теңгеге 192 адам).
2024 жылы шетелдік көздерден ақша және (немесе) мүлік алу туралы мәліметтерді 27,2 млрд теңге сомасына 218 тұлға ұсынды (2024 жылғы 1 жартыжылдықта — 13,6 млрд теңгеге 192 адам, 2024 жылғы 2 жартыжылдықта — 13,6 млрд теңгеге 200 адам).
Бұл шара азаматтардың мемлекетке де, үкіметтік емес ұйымдарға да сенімінің деңгейін арттыруға бағытталған.
Өз қызметі және шетелдік көздерден алынған ақша қаражаты туралы есептерді ұсыну туралы талаптар әлемдік тәжірибеге сәйкес келеді.
Фото: Bloomberg/Getty Images