3 C
Нур-Султан
14 C
Алматы
20.3 C
Шымкент

Трамп 18 наурызда Путинмен сөйлесетінін мәлімдеді

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен сейсенбі күні сөйлесуді жоспарлап отырғанын және Украинадағы соғысты тоқтату мәселесін талқылайтынын мәлімдеді.

«Мен сейсенбі күні президент Путинмен сөйлесемін. Демалыс күндері үлкен жұмыс атқарылды. Біз осы соғысты тоқтата аламыз ба, соны көргіміз келеді. Мүмкін тоқтатамыз, мүмкін жоқ, бірақ менің ойымша, біздің жақсы мүмкіндігіміз бар», — деді Трамп журналистерге.

АҚШ президенті сондай-ақ Путинмен «территориялар мен электр станциялары туралы» сөйлесуді жоспарлап отырғанын айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар