-12 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

Астанада автокөлік салонынан «Sim-Box» мобильді аппараттық кешені тәркіленді

Қазіргі заманғы технологиялардың дамуымен бірге «Sim-Box» құрылғыларын пайдалана отырып жасалатын интернет-алаяқтық жағдайлары қарқынды түрде көбейіп келеді.

«Sim-Box» құрылғылары – бұл мобильді нөмірлерді генерациялау немесе алмастыру мақсатында қолданылатын жабдық, ол байланыс операторлары белгілеген шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік береді.

Алаяқтар бұл құрылғыларды фишингтік хабарламалар жіберу, жаппай қоңырау шалу, сондай-ақ әртүрлі онлайн-платформаларда жалған нөмірлермен аккаунттар тіркеу үшін пайдаланады. Осылайша, олар өздерінің жеке басын жасырып, заңды қызметтің көрінісін жасауды көздейді.

Астана қаласы прокуратурасының үйлестіруімен полиция Департаментінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс шаралалары шеңберінде Украина азаматының басқарауындағы «KIA» маркалы автокөлік анықталып, ұсталды (автокөлік айыппұл тұрағына қойылды).

Автокөліктің ішкі салонын тексеру барысында 128 SIM-карта слоттары бар 2 дана «Sim-Box» мобильді аппараттық кешені анықталды, ол қайта жабдықталған автокөлік салонында орналастырылған. Сонымен қатар, әртүрлі ұялы телефон операторларына тиесілі 50 SIM-карта және Wi-Fi роутері алынды.

Осы факт бойынша абоненттiк құрылғының сәйкестендiру кодын өзгертуге арналған бағдарламаларды пайдалану дерегімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚК-тің 213-бап).

Күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде, оның интернет-алаяқтыққа қатыстылығы тексерілуде.

ЖІШ барысында тағы 2 «Sim-Box» құрылғысы алынды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар