-8 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
-8 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

Трамп: АҚШ-пен табиғи ресурстар жөніндегі келісім Украинаға «соғысты жалғастыру құқығын» береді

Ақпарат агенттіктері АҚШ президенті Дональд Трамптың журналистермен әңгімесінің жазбасын жариялады. Бұған дейін бұл туралы хабарланған болатын. Трамп Ақ үйдің Овал кабинетінде бірнеше жарлыққа қол қойғаннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Украинаның АҚШ-пен бірлесіп табиғи ресурстарды игеру туралы келісімге қол қоюдың орнына не алатыны туралы сұраққа президент былай деп жауап берді:

«350 млрд доллар, көп техника, әскери техника және соғысты жалғастыру құқығы».

«Мен мынаны айтуым керек – Украина… олар өте батыл, олар жақсы сарбаздар. Бірақ АҚШ пен оның ақшасы мен әскери техникасынсыз бұл соғыс өте жылдам аяқталатын еді», – деді Трамп.

Одан Украинаға әскери техниканы жеткізу қанша уақытқа созылуы мүмкін екені сұралғанда, ол:

«Бәлкім, Ресеймен келісіміміз болғанша. Бізге келісім қажет. Әйтпесе, бұл жалғаса береді», – деп жауап берді.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2025 жылғы 20 қаңтардағы, яғни Трамптың инаугурациясына дейінгі мәліметі бойынша, Ресейдің Украинаға кең ауқымды басып кіруі басталғаннан бері АҚШ Украинаға шамамен 69,2 млрд доллар көлемінде әскери көмек көрсетті.

Ал АҚШ-тың беделді Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің (Council on Foreign Relations) бағалауы бойынша, соғыс басталғаннан бері Украинаға көрсетілген жалпы америкалық көмек 175 млрд долларды құрайды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар