Еурокомиссия басшысы Украина наурыз айында 3,5 млрд еуро көмек алатынын мәлімдеді.
«Біз бүгін Киевтеміз, себебі Украина – бұл Еуропа. Бұл өмір сүру үшін күресте тек Украинаның тағдыры ғана емес, Еуропаның да тағдыры шешілуде», – деп жазды Урсула фон дер Ляйен X желісінде.
Оның айтуынша, Еуроодақтан 3,5 млрд еуро көлеміндегі жаңа көмек траншы Украинаға наурыз айында беріледі.
Соғыстың үшінші жылдығына орай Киевке Украинаның негізгі одақтастарының ел көшбасшылары келді.
Олардың қатарында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен, Еурокеңес төрағасы Антониу Кошта, Испания премьер-министрі Педро Санчес, Канада премьер-министрі Джастин Трюдо, Литва және Латвия президенттері Гитанас Науседа мен Эдгарс Ринкевичс, сондай-ақ Эстония үкіметінің басшысы Кристен Михал бар.