22 ақпан, сенбі күні ХАМАС алты израильдік тұтқынды босатты, олардың екеуі Газа секторында шамамен 10 жыл бойы ұсталған. Бұл алтау – тірі қалған 33 тұтқынның соңғылары, оларды ХАМАС атысты тоқтату туралы келісімнің алғашқы кезеңі аясында босатуға уәде берген. Жауап ретінде Израиль 602 палестиналық тұтқынды босатты.
Алдымен Таль Шохам мен Авера Менгисту босатылып, олар Рафахта Қызыл Крест өкілдеріне тапсырылды.
Осыдан үш сағат өткен соң, ХАМАС тағы үш тұтқынды Қызыл Крестке берді. Элия Коэн, Омер Шем-Тов және Омер Венкерт қарулы адамдардың жетегімен Нусейраттағы сахнаға шықты. Тұтқындар әскери үлгідегі киім киген.
Алтыншы тұтқын Хишам ас-Саидті ХАМАС Газа қаласында әдеттегі салтанатты рәсімсіз босатуды жөн көрді. Кейінірек ЦАХАЛ ас-Саидтің Қызыл Крестке тапсырылғанын растады.