-8 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-8 C
Нур-Султан
-6.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

Трамп пен Путин Сауд Арабиясында кездеседі

Кеше кешкісін (12 ақпан) Ресей және АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті.

«Біз Украина, Таяу Шығыс, энергетика, жасанды интеллект, доллардың күші және басқа да тақырыптарды талқыладық», – деп жазды Дональд Трамп әлеуметтік желілерде әңгімеден кейін.

Осыдан кейін ол Ақ үйде журналистерге берген сұхбатында Украина мәселесі бойынша Путинмен кездесуі Сауд Арабиясында өтетінін мәлімдеді.

Бұдан бөлек, АҚШ президенті Украинаның НАТО-ға кіруін орынсыз деп санайтынын, сондай-ақ Киевтің Ресей басып алған барлық аумақтарын қайтарып алуы екіталай екенін айтты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар