-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент
-9 C
Нур-Султан
-2.1 C
Алматы
10.3 C
Шымкент

Атбасар колониясындағы азаптау ісі: сот үкім шығарды

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында Атбасар түзету колониясындағы азаптау ісі бойынша процесс аяқталды. Қазылар алқасы мекеменің 12 бұрынғы қызметкерін ақтады. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 146-бабы («Қатыгез, адамшылыққа жат немесе ар-намысты қорлайтын қарым-қатынас, азаптау») бойынша айып тағылған болатын.

Процесс 2024 жылдың шілде айында басталып, ашық режимде қазылар алқасының қатысуымен өтті. Айыпталушылар орындығында – 12 адам: олардың үшеуі қамауда, қалғандары кепілдікпен босатылған. Бұл іс бойынша жәбірленуші ретінде 41 сотталған азамат танылды, олардың қатарында қоғам қайраткері Тимур Данебаев та бар.

Сот тыңдалымы барысында Тимур Данебаев колониядағы азаптау туралы егжей-тегжейлі куәлік берді. Оның айтуынша, мекеме қызметкерлері оны есінен танғанша ұрып-соғып, дәретхана еденін жуғызған, ал бас тартқан жағдайда басын унитазға батырып, қатыгездікпен жазалаған. Данебаев кемінде 20 рет осындай зорлық-зомбылық көргенін айтты.

2023 жылдың қыркүйек айында сотталғандарды, соның ішінде Данебаевты ұрып-соғу сәттері түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарады. Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті оқиғаға қатысы бар 11 қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлады.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар