-11 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент
-11 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
6.3 C
Шымкент

Қазақстанда азаматтарды суицидтке не итермелейтіні айтылды

2025 жылдың қаңтарында 234 қазақстандық өз-өзіне қол жұмсады – бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 3 адамға аз. Суицид жасағандардың басым бөлігі есін білетін күйде болған (177 адам), ал 50 адам – алкогольдік масаң күйде, тағы 7 адам психикалық ауруға шалдыққан. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.

Тіркелген суицидтердің айтарлықтай бөлігін – 82%-ын – ер адамдар жасаған: 192 адам. Қиын өмірлік жағдайлар көбіне орта жастағы ер адамдарды осындай қайғылы қадамға итермелеген. 2025 жылдың қаңтарында өз-өзіне қол жұмсағандардың ең көбі 35-44 жас аралығындағы азаматтар болды.

Сондай-ақ, қаңтар айында 42 әйел суицид жасады – бұл өткен жылмен салыстырғанда аз. Әйелдер арасында мұндай жағдайлар көбінесе 18-24 және 45-54 жас аралығында тіркелген.

Айта кетейік, өз-өзіне қол жұмсағандардың 5,6%-ын кәмелетке толмағандар құрады: 13 жасөспірім. Олардың басым бөлігі – 11-і – толық отбасында өскен.

Аймақтар бойынша ең көп суицид жағдайы Алматы облысында тіркелді: 24 адам, бұл өткен жылдың қаңтарымен салыстырғанда екі есе көп. Сондай-ақ, жоғары көрсеткіштер Түркістан және Ақтөбе облыстарында байқалды. Ал Ұлытау және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Шымкентте өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары сирек кездесті.

2025 жылдың қаңтарында суицидке алып келген басты фактор – ауыр материалдық жағдай болды. Осы себеппен 26 адам өз-өзіне қол жұмсаған – бұл 2024 жылдың қаңтарымен салыстырғанда екі есе көп.

Күшті жалғыздық сезімі 14 адамның суицид жасауына себеп болды. Ал қолайсыз тұрғын үй жағдайы 8 адамды осы қадамға итермеледі. Қарым-қатынастардың үзілуі, соның ішінде ажырасу, 7 адамның өліміне себеп болса, ауыр соматикалық аурулар – 5 адамның, туыстарымен жанжал – 4 адамның, жұбайымен қақтығыс – 2 адамның, ата-анасымен келіспеушілік – 1 адамның суицидіне әкелді.

Тағы 1 адам жақын адамынан айырылу салдарынан өз-өзіне қол жұмсаса, 1 адам жасаған әрекеті үшін жазаланудан қорқып, осындай шешім қабылдаған.

Дегенмен, бұл тек белгілі болған себептер ғана. Жалпы, 234 адамның 170-інің суицидке бару себебі құпия болып қалды.

Қазақстанда ең жиі қолданылатын суицид әдісі – асылу. 2025 жылдың қаңтарында 188 адам осылай өмірмен қоштасты. Сондай-ақ, қазақстандықтар улану, өткір заттарды қолдану, биіктіктен құлау және атыс қаруын пайдалану сияқты әдістерді таңдаған.

Орындар бойынша, ең көп трагедия тұрғын үйлерде орын алды – 143 адам. 15 адам көшеде, 3 адам жұмыс орнында, 2 адам жертөледе, 1 адам ауруханада өз-өзіне қол жұмсады. Тағы 70 адам өзге орындарда өмірмен қош айтысқан.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар