-15 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент
-15 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-1.7 C
Шымкент

Болат Жәмішев басқарған «Қазақстан халқына» қорын енді Ләззат Шыңғысбаева басқарады

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басшысы болып Лаззат Шыңғысбаева тағайындалды.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорын үш жыл бойы басқарған Болат Жәмішев қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2022 жылдың қаңтарында тағайындалған болатын. Басқарма Төрағасы болып сайланған өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Болат Жәмішев Қордағы жұмысын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы лауазымына қоғам қайраткері, қайырымдылық және Қазақстандағы ҮЕҰ-ның институционалдық дамуы мен әлеуметтік жобаларды басқару саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева сайланды. Ол бұған дейін «Қазақстан халқына» қоры Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарып, мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Атамекен» ҰКП құрметті қызметкері» медалімен марапатталған.
Қамқоршылық кеңес қор қызметкерлері София Айсағалиеваны Басқарма төрағасының орынбасары, Серікбек Елшібековті «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма мүшесі етіп сайлаған.

 

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар