Беларусь президенті мен Қазақстанның Тұңғыш президенті арасында «өте жылы достық әңгіме» өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Александр Лукашенконы сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтады.
Александр Лукашенко да Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы лебіздері мен тілектері үшін алғысын білдірді.
«Беларусь басшысы мен Қазақстанның Тұңғыш президенті жақын арада кездесіп, әңгімелесуге мүмкіндік табу туралы келісті», — деп хабарлады Беларусь президентінің баспасөз қызметінің ресми мәлімдемесінде.