Шетелдік азаматша Шымкентке қайтыс болған әкесінен қалған мұраны рәсімдеу үшін келген. Алайда, құжаттарын алған соң, елден кете алмай қалған. Греция азаматы Ксения Калпакидудің тап болған жағдайы туралы Vera.kz басылымы жазды.
Калпакиду 1995 жылы Қазақстаннан Грецияға қоныс аударған. Сол уақыттан бері алғаш рет 2023 жылы әкесінің жерлеу рәсіміне келген. Екінші рет Шымкентке мұраны рәсімдеу үшін келген. Қажетті құжаттарын алған, алайда 12 желтоқсанда бүкіл мұрасы тәркіленіп, белгісіз бір адамға 31 миллион теңге қарыз екені анықталған.
Қазір әйел Қазақстаннан шыға алмай отыр, ал визасының мерзімі аяқталуға жақын.
Бірінші сатыдағы сот жеңілдетілген тәртіпте және тараптардың қатысуынсыз өткен, бірақ заңгерлердің айтуынша, қарыз сомасының үлкендігі бұған жол бермеуі керек еді.