-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Тараз қаласының тұрғыны әкіммен кездескен соң өзін өртеді

Таразда жергілікті тұрғын білім беру мекемесінің жанында өз-өзіне қол жұмсады.

Ер адам киіміне бензин құйып, өзін өртеген. Алайда оны құтқарып үлгерді.

«Жамбыл облысының «112» қызметіне Тараз қаласындағы орта мектеп маңында суицид жасау әрекеті туралы хабар түсті. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, қолда бар құралдардың көмегімен өзін-өзі өртеу әрекетінің алдын алды», — деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Зардап шеккен азамат жеңіл күйік алған, қазір ол ауруханада жатыр.

Кей ақпараттарда ол әкімнің тұрғындармен кездесуіне қатысқан және әкімнің жауабына қанағаттанбай, сыртқа шығып от қойған.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар