-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-4.1 C
Алматы
-3.7 C
Шымкент

Ақтаудағы үшақ апаты: ұшақтағы жазба тергеу тобына берілді

Ақтауға жақын маңда апатқа ұшыраған AZAL ұшағындағы қара жәшік жазбасы тергеу тобына берілді. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Материалдар сақталған және расшифровка жасалған, олар Бас прокуратураның жетекшілігімен жұмыс істеп жатқан тергеу тобына тапсырылды. Спикердің айтуынша, бұл іске барлық сарапшылар тартылған.

Бозымбаевтың нақтылауынша, аудиожазбалардың көшірмелері Әзербайжан мен Ресей тараптарының да қолында бар.

Еске сала кетейік, Embraer 190 ұшағының қара жәшіктері осы жылдың қаңтар айының ортасында Қазақстанға қайтарылған болатын.

Кейін ҚР Көлік министрлігі интернетке тарап кеткен ұшқыштардың сөйлесулерінің расшифровкасына қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар