-17 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент
-17 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
-4.7 C
Шымкент

Израиль мен ХАМАС арасындағы оқ атпау келісімі күшіне енді

Израиль ХАМАС-тан босатылатын тұтқын әйелдердің тізімін алғанын растады. Газа секторында атысты тоқтату туралы келісім, Қазақстан уақытымен жексенбі күні (19 қаңтар) 11:30-ға жоспарланғанымен, бірнеше сағаттан кейін күшіне енді.

Бұған дейін Израиль билігі Газаға соққы беруді тоқтатудан бас тартып, атысты тоқтату режимі кейінге қалдырылғанын мәлімдеген еді. Себебі, ХАМАС бірінші кезеңде босатылатын барлық тұтқындардың есімдерін бермеген. ХАМАС бұл кідірісті «техникалық мәселемен» түсіндірді.

Кейінірек ХАМАС жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша 16:00-ден кейін босатылатын үш тұтқын әйелдің есімдерін жариялады. Тағы төрт тірі тұтқын әйел жеті күннен кейін босатылады. Атысты тоқтату режимінің бірінші кезеңінде, яғни 42 күнге созылатын уақытта, 2023 жылғы 7 қазанда ХАМАС-тың тұтқынына түскен 33 тұтқын Израильге қайтарылуы тиіс.

Израиль мен ХАМАС арасында Катар, Египет және АҚШ-тың ара ағайындығымен жасалған келісім бойынша, 19 қаңтарда 2023 жылғы 7 қазанда тұтқынға алынған израильдік тұтқындарды Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарға айырбастау басталуы тиіс еді.

33 тұтқынға айырбастау ретінде Израиль 700-ден астам палестиналықты түрмеден босатуға уәде етті. ХАМАС тұтқынында әлі 98 израильдік бар.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар