Оңтүстік Кореяның қазіргі президенті Юн Сок Ёльдің қамауға алынуына байланысты Сеулде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. Мемлекет басшысының жақтастары оның қамауға алынуына шешім шығарған сот ғимаратын басып алды.
Наразылық білдірушілер полицияның қоршауын бұзып, ғимаратқа кіріп кетті. Тәртіпсіздік барысында терезелер сындырылып, жиһаз бен техника бүлінді. Сот ғимаратын күзеткен полицейлерге шабуыл жасалды: наразылыққа қатысушылар оларға орындықтар мен басқа да заттарды лақтырды. Жағдай қақтығысқа ұласты.
Президенттің қамауға алынуына ордер «көтеріліс ұйымдастырды және билікті асыра пайдаланды» деген айыптаулар негізінде берілді. Ол 3 желтоқсанда әскери жағдай жариялап, әскерді парламентке жіберіп, заң шығарушылардың осы жарлыққа қарсы дауыс беруіне кедергі келтірмек болды деген күдікке ілінді.