-12 C
Нур-Султан
-8.1 C
Алматы
-0.7 C
Шымкент
-12 C
Нур-Султан
-8.1 C
Алматы
-0.7 C
Шымкент

Далаға ұшқан ақша. Антикор «Барыс» ХК мен «Астана» ФК-да тексеру жүргізгендерін айтты

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Астана» футбол клубы мен «Барыс» хоккей клубында тексеру жүргізді. Мұнда миллиардтаған теңге тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Антикордың бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов, «Самұрық-Қазына» қорының қаржысын бөлу кезінде оның көбі легионерлердің жалақыларына жұмсалғанын атап өтті. Сонымен қатар, олардың көпшілігі қазір Қазақстан клубтарында ойнамайтыны белгілі болды.

«Логикалық сұрақ туындайды: мұндай қаражатты бөлу қаншалықты негізді? «Астана» футбол клубында толыққанды инфрақұрылым жоқ — кәсіби клубқа қажетті өз базасы жоқ. Сол сияқты «Барыс» хоккей клубында да жағдай ұқсас: алты жыл ішінде 49 млрд теңге бөлінді, оның басым бөлігі де шетелдік спортшылардың жалақыларына жұмсалды. Олардың көпшілігі бұрыннан командадан кеткен, ал бұл инвестициялардан тиімді нәтиже көрінген жоқ», — деді Сарқұлов мәжіліс кулуарларында.

Ол осы қаражатты әлдеқайда тиімдірек пайдалану мүмкіндіктері бар екенін атап өтті. Мысалы, спорт инфрақұрылымын дамытуға, балалар мен жастар үшін жағдай жасауға инвестиция салуға болар еді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар