Ақтаудағы ұшақ апаты аумағын дронға түсірген ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев 10 күнге қамалды, — деп хабарлайды Азаттық.
Сот шешімінде Сәрсенбаевтың полицияның талабына қарамастан апат аумағын дрон және телефонына түсіргені (“полицияның заңды талабына бағынбау” 667-бап, 1-бөлік) жазылған.
Сот процесі кезінде блогер өзіне тағылған айыппен келіспей, BBC және Reuters-тегі әріптестерінің өтінішімен аумақты түсіргенін, полицияның жұмысына кедергі келтірмегенін айтқан.
Блогер өзін полиция ұстағанын, жауапқа тартып жатқанын әлеуметтік желіде хабарлаған болатын
Сәрсенбаевтың түсірген видеоларын әлемдік БАҚ ұшақ апаты туралы жаңалықтарын пайдаланып, көрсетті.