Ақтөбеде үш жастағы бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті.
«5 мамыр күні көпқабатты үйдің бесінші қабатынан үш жастағы бала құлап түсті. Оқиға салдарынан бала жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді», – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Ведомство мәліметінше, аталған оқиға бойынша баланың ата-анасына кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндетін тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілік жүктеледі.