10 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
10 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

Сирияда Башар Асадтың әкесінің сүйегін ұрлап әкеткен

Елді отыз жыл бойы басқарған, кейін билікті ұлы Башарға тапсырған Хафез Асадтың сүйегі Кардаха қаласындағы отбасылық кесенеден қазылып алынып, белгісіз бағытқа әкетілді.

Әлеуметтік желілерде бұрынғы президенттің моласын қазып жатқан сәт бейнеленген видео пайда болды. Кадрларда бірнеше әскери форма киген ер адам Асадтар отбасының кесенесінде тұрғаны көрінеді. Кейбір құлпытастар жоқ.

Syria TV телеарнасының хабарлауынша, вандалдар Латакия провинциясындағы қарулы топтармен байланыста болуы мүмкін. Ал Ynet басылымы бұл эксгумацияны Башар Асадты қолдаушылар жасаған болуы ықтимал деп жазады – олар сүйектерді қорлау әрекеттерінен қорғағысы келген.

Бұл Асадтар отбасының кесенесіне жасалған алғашқы шабуыл емес. 2024 жылдың желтоқсанында, Башар отставкаға кеткеннен кейін бірнеше күн өткен соң, белгісіз біреулер кесенеге от қойған еді.

Өткен жылдың соңында Сирия армиясы мен оппозициялық күштер арасындағы қақтығыстар кезінде Башар Асад президенттік қызметінен кетіп, елден кеткен болатын.

Кейінірек оның режимі құлар алдында бірнеше жасырын рейс ұйымдастырып, елден қолма-қол ақша, құнды заттар мен өзінің экономикалық империясына қатысты құжаттарды алып шыққаны белгілі болды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар