Дариға Нұркеева — Daricorn атымен танымал әнші, модель және блогер — өзі жариялаған бейнероликтен кейін буллингке ұшыраған баланың отбасынан кешірім сұрады. Бейнероликте баланың сөздеріне қате субтитрлер қойылған болатын.
Нұркеева кешірім сұраған видеосын өз Instagram парақшасында жариялады.
«Көпшілік біздің жағдайдан хабардар. Бүгін біз кездесіп, бәрін талқыладық. Тағы да барлығынан кешірім сұрағым келеді. Бұл біз үшін, бүкіл Қазақстан үшін үлкен сабақ болды — ересектердің рұқсатынсыз кішкентай балаларды түсіріп, жариялауға болмайды. Біз барлық жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз», – деді блогер.
Еске салайық, дау баланың анасы Ольга Колузанованың мәлімдемесінен кейін өршіген еді. Ол Daricorn өзінің кәмелетке толмаған ұлын ересектердің келісімінсіз кафе жарнамасы үшін видеоға түсіргенін айтқан. Бейнеролик әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін, жасөспірім қатарластары тарапынан буллингке ұшырады.