Бұл ақпарат алдымен интернетте пайда болды. Кейін ҚАЖД (Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті) оқиғаны растады.
«Аталған сотталушы өзіне жеңіл жарақаттар салған. Дереу медициналық көмек көрсетілді. Денсаулық жағдайы қанағаттанарлық», – деп хабарлады ведомство.
Жұмагелдиевтің ерекше бақылауда екені, оған мекеме психологтары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатқаны айтылды.
Еске сала кетейік, Жұмагелдиев 2022 жылдың қаңтарында ұсталған болатын. Оның сот процесі 2023 жылдың қазанында басталып, 2025 жылдың қаңтарында аяқталды. Ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды.