-10 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент
-10 C
Нур-Султан
-3.1 C
Алматы
3.3 C
Шымкент

КТЖ менеджерін ұрған жолсерік пен пойыз бастығы полицияға жеткізілді

«Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) АҚ бас менеджерін ұру ісі бойынша жолсерік пен пойыз бастығы полицияға жеткізілді. Бұл туралы көліктегі полиция департаменті хабарлады

«Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызының жолсерігі мен бастығын ұстап, полицияға жеткізді. Тергеу барысында олардың басты менеджерге қатысты былапыт сөздер айтып, физикалық күш қолданғаны анықталды. Бұл оқиға пойыз бригадасына ревизорлық тексеру жүргізу және ереже бұзушылықты тіркеу барысында орын алған. Қазіргі уақытта денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», — делінген бейсенбі күнгі хабарламада.

Бұған дейін ҚТЖ бұл оқиғаның тіркелмеген жүктің тасымалданғаны анықталған кезде болғанын хабарлаған. Оқиға салдарынан жолсерік жұмыстан шығарылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар