Жаңа жасақталған  Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Ә. Смайылов басқаратын үкімет жұмысын тоқтатты. 

“Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі”, – делінген президент Жарлығында.

Бұған дейін министрлер ауысқанмен Әлихан Смайылов қайтадан үкімет басшысы қызметіне отырады деген инсайд ақпарат желіде тараған болатын. 

Ал мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин осы күнге дейінгі үкімет жұмысын үштен де төмен бағалады.