ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат болып, сайлаудан өтпей қалған саясаткер Санжар Боқаев Орталық сайлау комиссиясын бүгін сотқа берді. Ол халықтың өзіне берген дауысын  Сайлау комиссиясының ұрлап, жеңісті «Аманат» партиясының мүшесі болған кандидатқа бергеніне сенімді. Боқаев қазақстандық соттың билікке тәуелді деп есептейтіндіктен  әділ үкім шығармайтынын білетінін мәлімдеді. Сондықтан келесі қадам Халықаралық Сот болатынын ескертті. Бұл туралы Санжар Боқаев сайлаудан өтпей қалған басқа экс кандидат Мұхтар Тайжанға берген сұхбатында айтты.