Мәжіліс сайлауында жеңіліп қалған тәуелсіз кандидатттар Мұхтар Тайжан, Динара Егеубаева, Оразалы Ержанов Алматы қаласындағы бесінші сайлау округін Сотқа берді.

Бұл туралы сайлауға қатысқан Мұхтар Тайжан әлеуметтік парақшасында мәлімдеді: «Біз Алматы қаласы, бесінші окрук бойынша сайлауға түскен тәуелсіз кандидаттар Оразалы Ержанов, Динара Егеубаева, мен Мұхтар Тайжан, Сіздердің дауыстарыңызды қорғау үшін әділеттікті іздеу үшін, бүгін сайлау комиссиясын сотқа бердік»

Саясаттанушы, азаматтық белсенді Димаш Әлжанов журналист Вадим Борейкоға берген сұхбатында  тәуелсіз кандидаттардың  әділдікті билікке тәуелді Соттан іздеуі нәтиже бермейді. Олар сотқа үміт артпауы керек деген пікір айтқан болатын.