Шораев сотта жеңіліп қалды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Шораевты ҚХП атынан кандидат Нұрия Балтабайқызының ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратқаны үшін кінәлі деп таныды.

Шораев бұл туралы фейсбук парақшасына жазды. Алайда қаулы заңды күшіне енбеген. Оның күшіне енуі үшін 10 күн қажет, яғни 2023 жылдың 24 наурызына дейінгі мерзім.

«Әрине, шығарылған сот актісімен келіспеймін, шағымданамын. Өкініштісі, мұндай шағымды қарау сайлау өтіп жатқан 2023 жылдың 24 наурызынан кейінге қалады», — Енді № 2 аудандық сайлау комиссиясының жаңа төрағасы соттың заңды күшіне енбеген қаулысы бойынша мені тіркеуден жоюға бара ма, жоқ па, соны күту ғана қалады. Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заңның бұзылуына Орталық сайлау комиссиясы және аудандық сайлау комиссиясы  жол бере ме, бермей ме, оын біз алдағы күндері көреміз. Мені сайлауға түсірмеу үшін жаңа Қазақстан тағы да қандай заңбұзушылықтарға баратынын көрейік…», — дейді Шораев.

Еске сала кетсек, Сот Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында өткен. Сотқа судья Әділбек Дүйсебаев төрелік етті. Іс прокурор Жасұлан Жүсіпбаевтың қарауыме өтті.