Атырауда элиталық тұрғын үй кешенінде NCOC компаниясының менеджері Бибігүл Шпанованы өлтірді деген күдікпен сантехник тергеу изоляторына қамалды.
46 жастағы марқұмның денесі өз пәтерінен табылған. Тергеу мәліметінше, күдікті — 37 жастағы сантехник — техникалық қызмет көрсету үшін пәтерге кірген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
Бибігүл Шпанова 2002 жылдан бері NCOC компаниясында еңбек етіп, игеру жоспарын жоспарлау бөлімінің менеджері қызметін атқарған. Компания марқұмның отбасына көңіл айтып, оның кәсібилігі мен еңбегі әріптестерінің жадында сақталатынын жеткізді.
«Бибігүл – өз ісіне адал, әріптестерін шабыттандыра алатын, жоғары кәсіби деңгейдегі басшы болды. Біз оның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Мемлекеттік органдар бұл істі жан-жақты зерттейтініне сенеміз. NCOC тергеу органдарына толық қолдау көрсетуге дайын», – делінген ресми мәлімдемеде.