10 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
25.3 C
Шымкент
10 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
25.3 C
Шымкент

12 жастағы оқушыға азғындық әрекеттер жасаған күдікті 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Медеу ауданының прокуратурасы Алматы қаласының 12 жасар оқушысына азғындық әрекеттер жасаған Түркістан облысының тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізген.

Тергеу барысында ер адам Астанада болған кезде Telegram мессенджері арқылы Алматы гимназияларының бірінде оқитын 6 сынып оқушы қызбен танысқаны анықталды.

«Кейіннен, бейнебайланыс барысында зорлық-зомбылық қолданусыз, ол жыныстық сипаттағы жол берілмейтін әрекеттер байқалатын әдепсіз сипаттағы іс-әрекеттер жасаған. Алматы қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты», — делінген хабарламада.

Оған 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар