22 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
18.3 C
Шымкент
22 C
Нур-Султан
17 C
Алматы
18.3 C
Шымкент

Шымкентте қала әкімінің орынбасарына оқ атқан кім?

Шымкентте Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша тергеу жүріп жатыр. Әкімнің орынбасарына бес рет оқ атылған. Қылмыскердің жеке басы анықталып, ол қамауға алынды.

«Орда» басылымы күдіктінің өмірбаянына қатысты кейбір деректерді жариялады.

Шабуыл жасаған адамның есімі — Ернар Жиембай. Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол 11-сыныпта Шымкенттегі №50 мектепте оқыған. Оның отбасы құқық қорғау органдарымен байланыста болған деген де болжам бар — әкесі прокуратурада жұмыс істегені айтылады.

2024 жылы Жиембай «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры қызметіне тағайындалған. Бұл мекеме мемлекеттік бағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жаңғыртумен айналысады.

Әлеуметтік желілерде ол жұмысы туралы белсенді түрде жазып отырған:

«Шымкент қаласы құрылыс басқармасы басшысының бұйрығымен ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап “Тұрғын үй Шымкент” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры лауазымына тағайындалдым!» — деп жазған еді Ернар Жиембай өткен жазда инстаграм парақшасында.

Ол бұл қызметте бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген.

Қазір тергеу амалдары жалғасуда. Күдіктінің бұл әрекетке бару себептері ресми түрде әлі жарияланған жоқ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар