-2 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-2 C
Нур-Султан
10 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Қазақстанда Нельсон Мандела Ережелерін енгізу мәселесі талқыланды

Астанада Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) өкілдері мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының қызметкерлеріне арналған кезекті вебинар өтті. Жиында қамаудағылармен қарым-қатынас жасаудың халықаралық стандарттары саналатын Нельсон Мандела Ережелерін Қазақстанда қолдану мәселелері қарастырылды.

Құқықтану ғылымдарының докторы Қ. Рахимбердин қатысушыларға бұл ережелердің пайда болу тарихы, олардың әлемдегі пенитенциарлық жүйеге ықпалы және Қазақстанда жүзеге асырылу тәжірибесі жөнінде баяндама жасады.

Вебинар барысында сотталғандарды ұстаудың ең төменгі халықаралық стандарттарының ұлттық заңнамаға қалай енгізілгені талқыланды. Сонымен қатар, ҰАТ қызметінің нақты мысалдары келтіріліп, алдын алу сапарларының тиімділігі көрсетілді. Мемлекеттік органдардың ҰАТ ұсынымдарын орындауы нәтижесінде сотталғандарды ұстау жағдайларының жақсарғаны атап өтілді.

Шарада қатыгездік пен азаптаудың тәуекел факторларын талдауға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, тінту, жеке тексеру, этаптау, тәртіптік изоляторларға орналастыру сияқты процестер кезінде орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтар қарастырылды.

Вебинарға 60-тан астам маман қатысты. Іс-шараның басты мақсаты – ҰАТ мүшелерінің Нельсон Мандела Ережелерін қолдану бойынша біліктілігін арттыру. Бұл олардың құқық бұзушылықтарды тиімді анықтауына және алдын алу шараларын күшейтуіне ықпал етеді. Сондай-ақ, сәтті тәжірибелерді талқылау заңнаманы жетілдіру жұмыстарына негіз болмақ.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар