-6 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
11.3 C
Шымкент
-6 C
Нур-Султан
-1.1 C
Алматы
11.3 C
Шымкент

Милад Карими Әлем кубогінің алғашқы кезеңінде топ жарды

Спорттық гимнастикадан ұлттық құрама көшбасшысы Милад Карими Германияның Котбус қаласында өтіп жатқан Әлем кубогінің бірінші кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Еркін жаттығуда сынға түскен отандасымыз финалда 14.133 ұпай жинады. Екінші орынды жапониялық Кацуки Минами (13.666) иеленсе, үшінші орын италиялық Никколо Ваннуччиге (13.533) бұйырды.

Айтулы додада 28 елден 120 спортшы сынға түсіп жатыр. Әлем кубогінің келесі кезеңі наурызда Бакуде (Әзірбайжан) өтеді.

Фото: ҰОК

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар