-7 C
Нур-Султан
2 C
Алматы
16.3 C
Шымкент
-7 C
Нур-Султан
2 C
Алматы
16.3 C
Шымкент

Таразда қылмыстық іс материалдарын қолдан жасаған тергеуші сотталды

Бұрынғы тергеуші қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды және дәлелдерді қолдан жасады деп танылды.

Ол жәбірленушінің атынан жалған өтініш жазған – яғни тараптар татуласты деген желеумен, дәлелдердің жоқтығын алға тартып, істі жапқан.

Сондай-ақ сотталушы бірнеше процессуалдық құжаттарды, соның ішінде беттестіру хаттамасы мен істің жабылу себептері туралы түсініктемені қолдан жасаған. Барлық жалған материалдарды электрондық базаға енгізіп, ресми түрде тіркеген.

Ол төрт жарым жылға сотталып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды және полицияның аға лейтенанты шенінен айырылды.

Жағдайды жеңілдететін мән-жайлар – кінәсін мойындауы, өкініш білдіруі және кәмелетке толмаған балаларының болуы.

Басқа бір лейтенант пара алғаны үшін шенінен айырылды.

Материалдарды көшіріп басқан жағдайда сілтеме жасалуы міндетті

Сайт әкімшілігі

Өзекті

Басқа материалдар