Әзербайжанға қарсы әскери қылмыстар жасады деп айыпталған армяндарға қатысты сот басталды.
Қылмыстық іс Бакудегі сот кешенінде, судья Зейнал Ағаевтың төрағалығымен қаралып жатыр.
Report агенттігінің мәліметінше, сот отырыстары Бакудегі Сурахан ауданына қарасты Говсан елді мекеніндегі сот кешенінде өтеді.
Алдымен Аркадий Гукасян, Араик Арутюнян, Бако Саакян, Давид Ишханян, Давид Бабаян, Лева Мнацаканян, Давид Манукян, Гарик Мартиросян, Меликсет Пашаян, Давит Аллахвердян, Гурген Степанян, Левон Балаян, Мадат Бабаян, Василий Бегларян және Эрик Газарянға қатысты қылмыстық іске алдын ала тыңдау өтеді.
Сот 2 548 эпизод бойынша істі қарайды.
1987 жылғы қазан мен 2024 жылғы 22 сәуір аралығындағы оқиғаларды қамтитын 1 389 қылмыстық іс Әзербайжанның Бас прокуратурасы мен басқа да тергеу органдары тарапынан қаралып, бір өндіріске біріктірілген. Тергеуге Бас прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер министрлігі, Мемлекеттік кеден комитеті және Әзербайжанның Әскери прокуратурасының тергеушілері қатысқан.
Айыпталушыларға қорғану құқығы, өздері меңгерген тілді пайдалану, сондай-ақ басқа да процессуалдық құқықтар қамтамасыз етілген.