AZAL әуе компаниясы ұшағының қара жәшігі Бразилиядан Қазақстанға қайтарылып, әуе апаты туралы қорытынды жасау үшін комиссияға тапсырылды.
Бакудан Грозныйға ұшып бара жатқан Бразилия өндіретін Embraer 190 ұшағы 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшырады. Әуе компаниясының мәліметтері бойынша, бортта 62 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған. Қазақстанның ТЖМ деректеріне сәйкес, 29 адам аман қалған. Өкінішке бортта болған қарай 6 отандасымыз түгелдей қаза тапты.
«Апат болған сол күні мемлекеттік комиссия құрылып, оның құзыретіне ұшақтың қара жәшігін оқу кірген болатын. 1944 жылғы 7 желтоқсандағы Чикаго конвенциясына және басқа халықаралық стандарттарға сәйкес, қара жәшіктер бразилиялық тараптан алынып, комиссияға қорытынды жасау үшін тапсырылды», — деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.
Ведомство мәліметі бойынша, қазіргі уақытта тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Заңдық ынтымақтастық аясында Әзербайжан мен Ресей Федерациясына халықаралық тергеу тапсырмалары жіберілді.