Орал соты жергілікті белсенді, құрамында есірткі бар «Трамадол» препаратын заңсыз сатумен күресуші ретінде танылған заңгер Аслан Өтеповті жеті жылға бас бостандыған айырды. Ол «алаяқтық жасаған» және «пара беруге итермелеген» деген айып тағылды. Өтепов  Сот үкімімен келіспейтінін мәлімдер, айыпты «ойдан құрастырылған» дер айтты.

«Масқара!», «Азат етілсін!», «Бостандық!» 23 мамыр күні Орал қаласында Аслан Өтеповке шыққан үкімді естіген сәтте сот залындағы жұрт осылай деп айқайлады. Судья Роза Сариеваның шешімі заңгердің туыстары мен достарының ашу-ызасына тиді.

Судья сотталушыны жәбірленушілерге келген зиянды өтеуге де міндеттеді. Сот ұйғарымы бойынша, Өтепов екі талап арыздың иелеріне 2,9 миллион теңге төлеуге тиіс.