Сайлау – қашанда қомақты қаражатпен жүзеге асатын процесс. Биыл сайлау науқаны салық төлеушілерге 33,4 млрд теңге шығын әкеледі. Мұндай сома 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетке салынды

Бұл қаражаттың бір бөлігі Орталық сайлау комиссиясының үлесіне тиесілі. ОСК ақшаны қайда жұмсайтынын Мемлекеттік сатып алу сайты бойынша бағалауға болады. Олардың ең үлкен шығыстарының бірі – аумақтық сайлау комиссиялары жұмысына жұмсау. Осы жылдың қаңтар айында бұл мақсаттарға алдымен 6 млрд теңге, содан кейін тағы 1,378 млрд теңге бағытталды.

Қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы қызметкерлерді оқытуға барлығы 122 млн теңге бөлді.
Бірақ бұл шығын «ақпараттық жүйені сүйемелдеу және техникалық қолдау қызметтері» тармағымен салыстырғанда ұсақ-түйек. Қаңтарда бұл мақстақа 382,5 млн теңге жұмсалды. Оның 137 млн теңгесі «ҚР ОСК ақпараттық жүйелерін пайдалануға» тиесілі. Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметін сатып алуға 122,5 млн теңге жұмсалды. ҚР ОСК ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін әкімшілендіру, сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер 86,875 млн теңгеге бағаланды. ҚР ОСК Ахуалдық орталығы үшін ақпараттық-талдау жүйесін ретте ұстауға 30,5 млн теңгеге жуық қаражат жұмсады.

Сонымен қатар, ОСК-ның аумақтық сайлау комиссияларының қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және оқытуға жұмсаған миллиондаған шығыны көп нәтиже бермейді. Мұны бақылаушылардың мәлімдемелері бойынша бағалауға болады. Мысалы, «Ел Дауысы» ҚҚ Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіровке дауыс беру күні бірнеше сайлау учаскесіне баруға шақырды. Осылайша, қоғам белсенділері оның назарын учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, соның ішінде бақылаушыларға қатысты заң бұзушылықтарға аударуға тырысты.

«Өкінішке қарай, біз барлық сайлау комиссиясы үгіт-насихат ақпаратын толық білмейтінін айтуға мәжбүрміз. Учаскелк сайлау комиссияларының қызметкерлері сайлау ерекшеліктерін түсіндіре алмау, сайлау учаскелерінің нақты шекараларын білмеу, заңнама ережелерін түсіндіру кезінде қателіктер жіберу жағдайларына тап болады», – деп санайды «Ел Дауысы» ҚҚ басшысы Аида Джексенова.

Айта кету керек, «Ел Дауысы» қоғамдық қорының тәжірибесі бар. Қор олар 2021 жылғы парламенттік сайлау кезінде де өзін белсенді ұйым ретінде көрсетті. Қор сонымен қатар қоғам белсенділерін бақылау жүргізуге оқытты. Содан кейін олар ауыл әкімдерін сайлау, референдум және соңғы президенттік сайлауды бақылады.